Компания туралы

Әлеуметтік-саяси үрдістерді талдау институты (ӘСҮТИ) - ақпараттық шуылдың, манипуляциялардың және қоғамдық пікірдің бұрмалануының ықпалынан босатылған медиадағы жағдайды объективті бағалауға маманданған ұйым.

Ақпараттың қолжетімділігі, ашықтығы және тәуелсіздігі қағидаттарын ұстанатын ӘСҮТИ жоғары сапалы зерттеулерді дайындауда маңызды рөл атқарады. Осы зерттеулердің нәтижелері мемлекеттік және коммерциялық сектордағы ақпараттық саясат субъектілерінің қызметіне қолдау көрсетуге арналған саяси ұсыныстарға айналдырылды

ӘСҮТИ-ның негізгі бәсекелестік артықшылығы қысқа мерзімде сапалы ақпараттық-талдамалық зерттеулер, құжаттама, шолулар, анықтамалар, қоғамдық пікір көрсеткіштері мен дайджесттер дайындау болып табылады. Нәтиже медиакеңістіктің үздіксіз мониторингі мен талдауын жүзеге асыратын жоғары білікті мамандар тобының, сондай-ақ «Brand Analytics», «Serpstat» цифрлық жүйелерінің және «Impact» жеке деректер базасының (7 жылда жинақталған 1 миллион астам материал) күш-жігерлерін біріктіру арқылы қол жеткізіледі

Біз шешетін тапсырмалар
Image
01
Тұлғаның/ұйымның/аймақтың имиджін зерттеу
Image
02
Саланың күйіне шолулар дайындау
Image
03
Жоспарлау - өткен және болашақ оқиғалардың, іс-шаралардың мониторингі
Image
04
Медиасфера тенденцияларын зерттеу, белгілі бір тақырыптың ақпараттық өрісін анықтау
Image
05
Жаңалықтар күн тәртібімен жұмыс
Image
06
Бәсекелестердің медиабелсенділігін бақылау
Біздің тарих
Институт тарихындағы атаулы күндер
01
2017-2018 жылдар

• құрамы 20 адамнан тұратын Институттың құрылуы

• 2017 жылдан бастап әлеуметтік-саяси бағыттағы материалдар мұрағатын сақтайтын авторлық деректер базасының іске қосылуы

02
2019-2020 жылдар

• жаңа кеңседе жұмысты бастаумен қатар ұжымның кеңейтілуі

• жаңа жобалардың ашылуы: Ішкі саяси аналитика, Халықаралық аналитика

• ірі коммерциялық сектормен жұмыстың басталуы

03
2021-2023 жылдар

• Астана қаласының орталығында бас кеңсенің ашылуымен институт құрылымының кеңейтілуі

• ірі мемлекеттік құрылымдармен жұмыстың басталуы

• жаңа қызметтердің енгізілуі: медиабейне қалыптастыру, предбрифтерді дайындау, өңірлік күн тәртібін бақылау және т.б.